Студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиада

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің 2024 жылғы 01 сәуірдегі №14-0/1420-вн хаты негізінде «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университеті» АҚ студенттер арасында студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңін өткізу бойынша базалық ЖЖОКБҰ ретінде айқындалды.

Осыған байланысты Университет 2024 жылғы 02-03 мамыр аралығында студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиаданы келесі мамандық топтары бойынша өткізу туралы хабарлайды:

Шетелдік филология:

  1. «Шет тілдері филологиясы» корей тілі,

Аударма дело:

  1.  «Аударма ісі» корей тілі,
  2. «Аударма ісі» қытай тілі (орыс бөлімі)

Шығыстану:

  1. «Шығыстану» жапонтану
  2. «Шығыстану» корейтану

Олимпиадаға қатысуға ЖЖОКБҰ ұйымдастырған Олимпиаданың 1-кезеңнің жеңімпаздары атанған жоғарыда көрстеілген мамандықтардың 2,3,4 курс студенттері шақырылады.

Олимпиадаға қатысу шарттары

 Олимпиадаға қатысты барлық шығындар Олимпиадаға жіберуші тарап есебінен қамтамасыз етіледі (келу, кету, тамақтану, қонақ үй немесе пәтер ақысы).

Республикалық пәндік олимпиадаға су тасқынынан зардап шеккен мемлекеттік білім беру ұйымдарының өкілдері онлайн форматта қатыса алады. Мұны өтінішіңізде көрсетіңіз.

Олимпиаданың 2-кезеңіне қатысу үшін қажетті құжаттарды: ЖОО-да өткізілген Олимпиаданың 1-кезеңінің қорытындысы туралы Ректордың (проректордың) қолы қойылған ресми хат немесе хаттама түрінде рәсімделген Ғылыми кеңестің шешімі, қатысу туралы өтінішті (Қосымша 1), 2024 жылдың 26 сәуіріне дейін PDF форматында (ОЛИМПИАДА тақырыбымен) мамандықтар бойынша төменде көрсетілген электрондық пошталарға жіберіледі:

Мамандығы

Эл. почта

Тел. номер

«Шет тілдері филологиясы» корей тілі

аThis email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Аксаналиева Жамиля Нурлановна

+7 747 103 4252

«Аударма ісі» корей тілі

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Надирбек Алия Серікқызы

+7 707 718 8644

«Аударма ісі» қытай тілі (орыс бөлімі)

«Шығыстану» жапонтану

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Исабеков Батырхан Маратович

+7 702 883 7396

«Шығыстану» корейтану

Өткізілу орыны

Алматы қаласы,  Мұратбаев көшесі 200,  «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ

Үй тапсырмасының тақырыптары

Білім беру бағдарламасының бағыты

Презентация тақырыбы

«Шет тілдері филологиясы» корей тілі

«다민족 국가인 카자흐스탄의 언어와 문화»
(Көп ұлтты Қазақстанның тілі мен мәдениеті)

«Аударма ісі» корей тілі

«Жапон мәдениетінің өркендеуі: ежелден қазіргі заманға дейін»

«Аударма ісі» қытай тілі (орыс бөлімі)

"Қазақстан экономикасының даму жоспарлары мен перспективалары"

 АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Ұйымдастыру комитеті:

ғылым және инновациялық қызмет басқармасының жетекші маманы: Тусупова А.С.

тел. 8 7272 92 03 84 (ішкі 2418)

Печать