Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті және Кеннет Кох атындағы «Үздік поэзия аудармасы» байқауы

Құрметті студеттер!!!

Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің барлық студенттерін «Үздік поэзия аудармасы» байқауына қатысуға шақырамыз.
Жыл сайын өткізілетін«Үздік поэзия аудармасы» байқауы Америка Өнер және Әдебиет академиясының бұрынғы мүшесі, Колумбия Университетінің профессоры, танымал ақын, аудармашы және поэзия оқытушысы - Кеннет Кохтың (1925-2002) құрметіне арналады.

Мақсаты
Байқаудың негізгі мақсаты – поэзия туындыларын аударуға, әсіресе, студенттердің поэзияны ағылшын тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен ағылшын тіліне аударуға қызығушылықтарын ояту және көркем аударма жасауға белсендіру, ынталандыру болып табылады.

Кім қатыса алады?
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің күндізгі оқу бөлімінде оқитын (бакалавр немесе магистратура) кез-келген студент ұлтына, азаматтығына немесе негізгі білім алу бағытына қарамастан байқауға қатыса алады.

Критериялары
Бағалау барысында негізінен осы күнге дейін бір тілден екінші тілге аударылмаған поэзия туындыларына басымдылық беріледі. Студенттер соңғы уақытта (соңғы 100 жыл ішінде) жарияланған поэзия туындыларының бірін, сондай-ақ, кез-келген кезеңде жазылған поэтикалық шығармаларды аудара алады. Сондай-ақ, Кеннет Кохтың эстетикалық, поэтикалық қағидаттарын, атап айтқанда, поэзия тілінің жарқын бояуын беретін, ағартушылық, әзіл-сықақ (міндетті түрде комедиялық болуы шарт емес) және халыққа әсерлі сезім сыйлайтын поэзия туындыларының аудармасына аса үлкен мән беріледі.
Жыл сайын екі сыйақы тағайындалады: оның бірі ағылшын тілінен қазақ тіліне жасалған үздік аудармаға және екіншісі қазақ тілінен ағылшын тіліне жасалған поэзияның үздік аудармасына табысталады. Үміткер студенттер екі жүлделі орынға да аудармаларын ұсынуына болады (аудармадан бөлек, автордың аты, шығарманың түпнұсқасы, жариялану уақыты/ библиографиялық ақпараты берілуі тиіс). Әрбір студент әр жүлделі орын үшін кем дегенде үш поэтикалық шығарманың аудармасын ұсынуы керек. Поэтикалық шығарманың көлеміне шектеу қойылмаған.

Төрешілік
Жеңімпаздар мен ынталандыру сыйлығының иегерлерін анықтау үшін үш әділқазы төрелік жүргізеді. Әділқазылар құрамында Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ тарапынан тағайындалған екі әділқазы және ағылшын тілі ана тілі болып есептелетін, шетел университеттерінің бірінде қызмет атқаратын оқытушы (немесе университеттен тыс, поэзия аудармаларымен айналысатын белсенді аудармашы) болады. Кеннет Кохтың бұрынғы студенті, Йонсей университеті/ Андервуд Халықаралық колледжінің профессоры Лорен Гудман негізгі шетелдік әділқазы ретінде қатысады. Жеңімпаздар мен ынталандыру сыйлығының иегерлерін анықтау үшін, әділқазы мүшелері бірігіп жұмыс атқарады. Соңында, әділқазылар екі жеңімпаз бен әр жүлдеге бес адамнан, барлығы он ынталандыру сыйлығының иегерлерін таңдап алады.

Ескерту:

  • Аудармаларды ұсыну мерзімі 2016 жылдың 15-маусымына дейін.
  • Плагиаттар, сонымен қоса кез-келген веб-сайттарынан көшіріп алынға наудармалар конкурсқа қатыстырылмайды.

Аудармаларды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.; This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық пошталарына жібере аласыздар.

Жүлделер мен Сыйақылар
Екі жүлде жеңімпазының әрқайсысына сертификат беріледі және әр жыл сайын сыйлықақы (бөлінген сомаға байланысты жыл сайын өзгеруі мүмкін) олардың арасында өзара теңдей бөлінеді. Егер студент екі жүлдеге де ие болса, сыйлықақының толық сомасын алады. Ынталандыру сыйлығының иегерлері ретінде таңдалып алынған студенттерге сертификаттар табысталады.

Печать