«On-cameramediatraining»

ХАБАРЛАНДЫРУ

2016 ж. 6-маусымында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «On-cameramediatraining» Жазғы мектебінің ашылуы орын алады. Тиссайд Университетінің (Ұлыбритания) тренерлері Hannah Kristyn Higginson мен Josh Gallacher жетекшілігімен қатысушылар ағылшын тілінде сұранысқа ие болатын бейнеөнімді (түсірілімдер, сұхбаттар, монтаж) жасауды үйренетін болады.

Тақырыптық жоспар:

1. Заманауи түсірілім құралдары

2. Бейне үшін презентация және интервью

3. Бейнекадрлар композициясы

4. Сұхбат үшін бейнекадрлар

5. Репортаж үшін бейнекадрлар

6. Комментарий үшін бейнекадрлар

7. Кадрда жұмыс істейтіндер үшін кеңестер

8. Екі (не одан да көп) камерамен түсірілімдер

9. Сценарий және раскадровка

10. Туризм саласының қызметкерлері үшін операторлық дағдылар

11. Бейнефильм (бейнесюжет) монтажы қалай жүзеге асырылады

Жабылуы — 17 маусым, 2016 ж. Қорытындысы бойынша сертификат беріледі.

Печать