«Шет тілді білім беру: тәжірибе, мәселелер, жаңашылдығы» атты IY-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

 

Ақпараттық хат

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 2016 жылы 18 қарашада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің 75 жылдығына арналған «Шет тілді білім беру: тәжірибе, мәселелер, жаңашылдығы» атты IY-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: шет тілдік білім беру мен гуманитарлық білім тәжірибесін теория-әдіснамалық тұрғыдан ғылыми-жаңашылдық парадигмада негіздеу.

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:  

  1. Үш тілділік аясында лингвомәдениеттану методологиясы негізіндегі шет тілдік білім беру парадигмасы.
  2. Халықаралық кіріктіру және бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастардың аймақтық аспектілері (экономика, құқық, дипломатия, шығыстану, менеджмент, туризм және т.б.).
  3. Лингвистиканың және шетел филологиясының теория-қолданбалы аспектілері.
  4. Аударманың түсіндірмелі платформасы және мәдениетаралық байланыс.
  5. Қазіргі заманғы ақпараттық байланыс жүйелері мен технологиялары шет тілдік білім берудің құрамдас бөлігі ретінде.

Конференцияға қатысу түрі: тікелей, сырттай.

Өтініштер мен мақалаларды қабылдау мерзімі – 2016 жылдың 10 қарашасына дейін.

Жарияланым жарнасы – 3 500 теңге. 

Жинақтың таратылуы қарастырылмаған (өздігінен алу).

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын  

Мақалалар, өтініштер және сканерленген төлем түбіртектері конференцияның жауапты хатшысы Теляпова Альфия Гайратовна This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық адресі бойынша жіберіледі.

Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына немесе ғылыми мақалаларды рәсімдеу талаптарына сай келмейтін ғылыми мақалаларды қабылдамауға құқығы бар.

Материалдар жинағының шығарылуы конференцияның басталуына дейін жоспарлануда.

Анықтама телефоны:  87272 92 43 87

 

Толығырақ

Печать