03.10.16 студенттер Жасұлан Қадырбаевпен кездесті

03.10.16 Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттері 2014 жылғы ауыр атлетика бойынша әлем чемпионы Жасұлан Қадырбаевпен кездесті. Кездесу университеттің спорт залында өтті, студенттер спорт саласындағы өз шеберліктерін көрсетті.

Өз кезегінде Ж.Қадырбаев студенттерге дене бітімін күту маңыздылығы мен салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі жайлы баяндады. Сондай-ақ, чемпион студенттерді Республикамыздың Тәуелсіздігінің келе жатқан 25- жылдығымен құттықтап, оқу мен жаңа жеңістер мен биіктіктерге талпынысында сәттілік тіледі!

Печать