Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихы білімі бойыша сайыс

31.10.2016 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ мәжіліс залында Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихы білімі бойынша университеттік сайыс ұйымдастырылды. Сайыс «Парламент Мәжілісінің Төменгі Палата Отырысы » болып аталды және Мәжіліс құрамына кіретін топ-комитеттердің өнер көрсетулерінен тұрды.

Сайысқа барлық факультеттердің топтары  қатысты. Олар өз факультеттерінің кәсіби деңгейіне өте жақын Комитеттерді ұсынды, себебі студенттер Қазақстан Республикасының Төменгі Палатасы Мәжілісінің құрамында шынайы өмірде қызмет жасайтын өздеріне берілген Комитеттің мақсаты мен міндетін презентация ретінде көрсетуі керек болды. Сондай ақ, топ-комитеттер Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезінде жеткен жетістіктерін айтты, қазақстандық қоғамның алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылады, заманауи тарихтың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, топтар музыкалды-әдеби құттықтау-номерларын дайындады.

Атап өтерлік жай: студенттер сайысқа асқан жауапекершілікпен дайындалып, алдарына қойылған барлық тапсырмарды өте жақсы атқарып шықты!

Печать