Студенттер, магистранттар және доктаранттардың қатысуымен Мұрат Мұхтарұлы Әуезовпен кездесу өтті

29.11.16 Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де студенттер, магистранттар және доктаранттардың қатысуымен шығыстанушы, мәдениеттанушы, қоғамдық қайраткер Мұрат Мұхтарұлы Әуезовпен кездесу өтті.

Кездесу барысында Мұрат Мұхтарұлы қатысушыларға «Замандарды жалғастырушы жіп» атты кітабының жарыққа шығуын баяндады, сондай-ақ өзінің және ата-анасының өмірбаянына тарихи шолу жасады.

 Мұрат Мұхтарұлына университет жастарының маңдай алды ғалыммен кездесу мүмкіндігіне ие болғаны үшін және бөлінген алтын уақыты үшін алғысымызды білдіреміз.

Печать