«Кедендік және салықтық басқару мәселелері» тақырыбында кезекті ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді

2016 жылы 12 желтоқсан айында халықаралық құқық кафедрасы «Кедендік және салықтық басқару мәселелері» тақырыбында кезекті ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді. Семинарда заң ғылымының докторы, профессор Әлібеков Сайлаубек Тынышбекович өз баяндамасын жасады. Семинарға профессорлық–оқытушылық құрамдары мен магистранттар қатысты.

2015 жылы 1 қантардан бастап заңды күшіне енгізілген Евразиялық экономикалық одақ туралы Келісім шарт бойынша мәселелер мен ЕАОҚ-ның  жаңа Кеден кодексінің жобасы бойынша жұмыстар әлі де болса аяқталмағандығын басып көрсетті. Тыңдаушыларға  кедендік және салықтық басқаруды жетілдірудің өзекті мәселелері мен  қолданыстағы салықтық режимдер мен кезеңдерді жетілдірудің негізгі бағыттары, сондай ақ, кедендік және салықтық жүйе  ингерациясының салдарын басқару жүйесі бойынша өзекті мәселелер ерекше қызығушылық тудыртты.

Семинар қорытындысы бойынша  Кедендік Одақ шеңберіндегі салықтық және кедендік басқаруды жетілдіру бойынша өте маңызды  ұсыныстар енгізілді.  

Печать