«Шетел элементімен күрделенілген еңбек қатынастарын құқықтық реттеу» ғылыми- теориялық семинар

2017 жылы 31 қаңтар айында Халықаралық құқық кафедрасында «Шетел элементімен күрделенілген еңбек қатынастарын құқықтық реттеу» тақырыбындағы кезекті ғылыми- теориялық семинар өткізілді. Бұл семинар барысында Қазақстан Республикасынының аумағына келген шетелдіктердің еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері қарастырылды.

Сонымен қатар 2017 жылы 1 қаңтарында заңдық күшіне енген Қазақстан Республикасының Халықты жұмыспен қамту және көші - қон туралы заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Семинар тақырыбы бойынша халықаралық құқық кафедрасының заң ғылымдарының профессоры Гулнар Абдезовна Стамқұлова баяндама жасады. Өз баяндамасында еңбек етуші мигранттар ұғымы бойынша терминдер арасындағы сәйкессіздік және заңнамаларды жетілдірудің өзекті мәселелері мен ұсыныстары қарастырылды.

Семинарға оқытушы –профессорлық құрамдар , студенттер мен магистранттар қатысты.

Печать