Мәдениетаралық қарым-қатынастағы іскерлік дискурстың ұлттық - танымдық ерекшеліктері

Негізгі ақпарат

Жоба атауы

Мәдениетаралық қарым-қатынастағы іскерлік дискурстың ұлттық - танымдық ерекшеліктері

Жоба түрі

Бастамалық жоба

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

0123РКИ0112

Іске асырудың басталу күні

01.04.2023

Іске асырудың аяқталу күні

01.04.2026

Жоба жетекшісі

Джельдыбаева Раушан Базикенкызы, Филология ғылымдарының кандидаты

Орындалған жұмыстың сипаттамасы

Зерттеудің мақсаты

Мәдениетаралық қарым-қатынас аясындағы іскерлік дискурстың ұлттық-танымдық ерекшеліктерін анықтау. Жоба жұмысында мәдениетаралық қарым-қатынастағы сөйлеу әдебі, іс-құжаттарда қолданылатын тұрақты тіркестер, сонымен қатар әр тілдің өзіне тән тілдік және мәдени элементтерін қарастыру маңызды.

Зерттеу нысандары

Мәдениетаралық қарым-қатынас аясындағы іскерлік дискурстың лингвистикалық негіздері, іскерлік қарым-қатынастардың лингвокогнитвтік ерекшеліктері

Қолдану аймақтары

Білім және ғылым саласы

Күтілетін нәтиже

1.Мәдениетаралық қарым-қатынас аясындағы іскерлік дискурстағы іскерлік қарым-қатынастарға байланысты жиі қолданылатын ісқағаз түрлерін (әкімшілік, экономикалық, қаржылық, заңдық, жол-жосындық т.б.) анықтау. Бұл зерттеу бойынша «Аударма ісі», «Шығыс филологиясы» бағдарламаларына арналған оқу құралы шығарылады.
2.Мәдениетаралық қарым-қатынастар аясындағы іскерлік дискурсттарда қолданылатын тілдік бірліктердің лингвомәдени ерекшеліктерін айқындау. Мәдениетаралық қарым-қатынастағы антропоноимдердің ұлттық-танымдық сипатын анықтау. Күтілетін нәтиже Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда 2 (екі) мақалада дәлелденетін болады.
3.. Мәдениетаралық қарым-қатынастағы іскерлік дискурстардағы лингвомәдени бірліктердің ұлттық мәдени ерекшеліктерін сипаттау негізінде әлемнің тілдік бейнесіне талдау жасау. Күтілетін нәтиже – Scopus деректер базасына енгізілген рецензияланған ғылыми басылымда ғылыми мақаланы дайындау және жариялау.

 

 

 

 

Печать