Көпмәдениетті және жаһанданған әлем жағдайында қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің құндылықтарын трансформациялау

Негізгі ақпарат

Жоба атауы

Көпмәдениетті және жаһанданған әлем жағдайында қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің құндылықтарын трансформациялау

Жоба түрі

AP09058341

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

0121РК00022

Іске асырудың басталу күні

01.02.2021

Іске асырудың аяқталу күні

31.12.2023

Тапсырыс беруші

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Жоба жетекшісі

Ашилова Мадина Серикбековна, доктор PhD, ассоциированный профессор

Орындалған жұмыстың сипаттамасы

Зерттеудің мақсаты

Қазіргі заманғы білім беру құндылықтарына жан-жақты кешенді талдау жүргізу және жаһандану мен әлемдік процестердің әсерінен олардың трансформациясы, әлеуметтік зерттеулер жүргізу арқылы Қазақстандағы жоғары білім сапасын бағалау, салыстырмалы талдау және компаративистік және форсайт-зерттеулерге негізделген тиімді әлемдік білім беру модельдерін анықтау, сондай-ақ Қазақстандағы жоғары білім болашағына арналған толық метражды деректі фильм шығару.

Зерттеу нысандары

Жоғары білім беру жүйесінің құндылықтарын трансформациялау

Қолдану аймақтары

Әлеуметтік ғылымдар, білім туралы ғылымдар

Зерттеу нәтижелері

1. "Цифрландыру жағдайындағы қазақстандық жоғары білімнің трендтері мен сын-қатерлері (форсайт-зерттеу)" монографиясын жариялау

2. 14 мақала жариялау, оның ішінде Scopus базасына кіретін басылымдарда 2 және Web of Science базасының Russian Science Citation Index-те 1 мақала.

3. Білім және ғылым мәселелері бойынша Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университеті базасында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу.

4. ""Университет" жобасы: белгісіз болашақ" деректі фильмін шығару. Фильмнің "Тұран ТВ" телеарнасында көрсетілімі.

5. Әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, Telegram) жобаны жарнамалау, жобаны Кешкі Алматы газетінде жариялау. Жобаның жалпы аудиториясы 300 мыңнан асты.

Бір монография "Цифрландыру жағдайындағы қазақстандық жоғары білімнің трендтері мен сын-қатерлері (форсайт-зерттеу)" , 14 мақала, оның ішінде Scopus базасына кіретін басылымдарда 2, Web of Science базасының Russian Science Citation Index-те 1 және ҚР ҒЖББСҚК ұсынған басылымдарда 2, халықаралық және республикалық жинақтарда 9 конференциялар мен ғылыми журналдар. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ базасында бір халықаралық ғылыми-практикалық конференция. БАҚ–тағы бір мақала - Кешкі Алматы. Facebook, Instagram, Telegram желілеріндегі жобаның 3 беті. Әлеуметтік желілерде 50-тан астам хабарлама. Бір деректі фильм ""Университет" жобасы: белгісіз болашақ". Жобаның жалпы аудиториясы - 300 мыңнан астам адам.

 

 

 

 

Печать