Қазақстанның киелі географиясы, мәдени-географиялық мұрасының қазіргі жағдайы мен қоғамның сана-сезімін жаңғырту мәнмәтінінде Қазақстан Республикасының туризм нарығында даму болашағы

Негізгі ақпарат

Жоба атауы

Қазақстанның киелі географиясы, мәдени-географиялық мұрасының қазіргі жағдайы мен қоғамның сана-сезімін жаңғырту мәнмәтінінде Қазақстан Республикасының туризм нарығында даму болашағы

ИРН

AP05132993

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

0118РК00466

Іске асырудың басталу күні

01.02.2018

Іске асырудың аяқталу күні

31.12.2020

Тапсырыс беруші

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Жоба жетекшісі

Усубалиева Салтанат Джумадиловна, география ғылымдарының кандидаты, доцент

Орындалған жұмыстың сипаттамасы

Зерттеудің мақсаты

Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын, киелі географиясының туристік нарықтағы тартымдылығы мен олардың ұлттық сәйкестікті қалыптастыруға әсерін зерттеу.

Зерттеу нысандары

Туризмді дамытудың тартымдылығы тұрғысынан Қазақстанның қиелі-географиялық кеңістігі мен туристік-рекреациялық әлеуеті

Қолдану аймақтары

Нәтижелер білім беру және ғылыми мақсаттарға, сондай-ақ туризм саласында қолдануға болады.

Зерттеу нәтижелері

Зерттеу нәтижелерінің апробациясы 42 ғылыми еңбекте, яғни Қазақстандық және шетелдік басылымдарда, конференцияларда жарияланды. Зерттеулер мен әдістемелік ғылыми жұмыс нәтижелері «Рухани киелі жерлер. Қазақстанның сакралды географиясы және туризм», «Сакралды туризм» оқулығы және мультимедиялық қолдау монографиясы түрінде ұсынылған.

Қазақстанның мәдени-географиялық белдеуі негізінде ішкі және сыртқы мәдени туризмнің дамуына ықпал ететін туристік маршруттар мен ұсыныстар әзірленді. Туристік маршруттар (технологиялық карталар) жасалып, ұсыныстар берілді. Оқулықтың құрылымы қалыптасты, тақырыптар құрылымдалды, проблемалық сұрақтар таңдалып, ситуациялық тапсырмалар жинақталды. Материалдарды жүйелеу жүргізілді, теориялық және практикалық материалдар құрастырылды. Мультимедиялық қолдау материалдарын іріктеу және редакциялау жүргізілді, библиография жүйеленді;. Монография, оқулық және мультимедиялық қолдау материалдарына сарапшылардың пікірі және сыртқы мамандардың бағалауы жүргізілді. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері шетелдік рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланды. «Рухани киелі жерлер. Қазақстанның сакралды географиясы және туризм», «Сакралды туризм» оқу құралы және видео материалдар шығарылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы туризмдегі туристік-рекреациялық әлеует пен қасиетті географияны үйлестіруде, сондай-ақ олардың қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлін анықтауда жатыр

 

 

 

 

 

Печать