Студенттердің шетел тіліндегі коммуникативтік құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін тексеру, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби дайындығын арттыру мақсатында 2023 жылдың 14-15 наурызында «Кәсіби шетел тілі (экономикалық-құқықтық бағыт)» кафедрасының оқытушылары «6В041 – Бизнес және менеджмент» және «6В042 – Құқық» мамандықтарының 3 курс студенттері арасында кәсіби шетел тілі пәні бойынша пәндік олимпиада өткізді. Студенттер олимпиадаға белсене қатысып, өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын кәсіби шетел тілінде көрсете білді.