«Жоғары оқу орнынан кейінгі қолдау», түлектердің мансаптық өсуін бақылау, сондай-ақ жұмыс берушілермен жұмысты ұйымдастырудағы еңбек нарығының мүдделерін айқындаумен байланыстылығын, оқу үдерісінің тиімділігін бақылау мақсатында университет пен түлектер арасындағы кері байланысты жақсарту мәселелерін шешуді көздейді. Бұл қызметтің тиімділігін қамтамасыз ету үшін:
- әлемдік қауымдастық елдерінің экономикалық интеграциясының кеңеюі жағдайында кәсіби заң қызметінің көп тілділігін қамтамасыз ету үшін бітірушілер үшін ағылшын тілі курстарының жұмыс істеуі;
- мүдделі тұлғалардың таңдауы бойынша біліктілікті арттыру курстарының болуын қамтамасыз ету;
- кәсіби заңгерлік қызметке дайын мамандарды дайындау барысында оқу үдерісі сапасының әсерін зерттеу мақсатында түлектердің мансаптық өсуін талдау;
студентті бүкіл оқу кезеңінде және мамандық бойынша жұмыстың алғашқы үш жылында қолдау үшін университет пен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету.
Бағдарламаның мақсаты – студенттер мен түлектерге кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және заманауи еңбек нарығының жағдайына бейімделуіне жоғары оқу орнынан кейінгі қолдау көрсету үшін кешенді жағдайлар мен шараларды кезең-кезеңмен жасау.
Бағдарламаның міндеттері:
-еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, түлектерді жұмысқа орналастырудың тиімді мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін жағдайлар жасау;
- түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында әлеуметтік серіктестікті дамыту;
- студенттер мен бітірушілердің өз бетінше жұмыс іздеуге мотивациясын дамытуға көмектесу;
-оқушылар мен түлектердің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтетін және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыратын білім беру бағдарламалары бойынша үздіксіз білім беру жүйесін ұйымдастыру;
-түлектердің еңбек нарығын зерттеу;
-жоғарғы оқу орнынан кейінгі қолдауды қамтамасыз ету мақсатында бітірушілер туралы мәліметтер қорын қалыптастыру.
Дипломнан кейінгі қолдаудың табыстылық белгілері:
-кәсіби дамуға көңіл бөлу;
-тәрбиелік оқыту шеңберінде жұмысқа тұрақты мотивация;
-түлектердің кәсіби ортаға бейімделуі;
-кәсіби заң қызметінің сапасын арттыру;
-құқық қорғау саласында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- түлектердің жұмыс процесіндегі белсенділігі мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.
Дипломнан кейінгі қолдаудың кезеңдері:
- Мамандыққа түсудің тиімділігін қамтамасыз ету;
- Өзін-өзі таныстыру және кәсіби тапсырмаларды талдау дағдыларын қалыптастыру;
- Түлектердің кәсіптік қызметке алғашқы бейімделуі;
- Кәсіби мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыру және кәсіби ортада бағдарлау;
- Кәсіби құндылықтар мен мотивтер жүйесін қалыптастыру;
- Жеке жетістіктер мен кәсіби өсуді көрсету.