10
ШЕТ ТІЛІ
7000
СТУДЕНТ
90 000
ТҮЛЕК

Жаңалықтар

  • Almaty Polytecnic College-мен әлеуметтік серіктестік шарты жасалды

    Серіктестік байланыстар аясында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ Оқу басқармасының Практика және жұмыспен қамту орталығының Басшысы Киікбай Мөлдір Киікбайқызы Almaty Polytecnic College-де болды.

    Кездесу барысында IT мамандықтарының студенттері техникалық ағылшын тілі дағдыларын дамытуға бағытталған ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

    Март 31, 2025

  • «Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылық кәсіпорындарының инфрақұрылымын дамыту» тақырыбында тәжірибелік дәріс

    27.03.2025 күні «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері үшін «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесіндегі инфрақұрылым» пәні бойынша «Swissôtel Wellness Resort Alatau Almaty» 5 жұлдызды премиум-класстағы қонақ үйінде Заманбекова Алтыншаш Булатовнаның жетекшілігімен «ҚР кәсіпорындарының инфрақұрылымының дамуы» тақырыбында тәжірибелік дәріс ұймдастырылып, өткізілді.

    Март 27, 2025

  • Ablai Khan University-дің 25 студенті «Сарапшы» сараптамалық алаңына қатысты

    27 наурыз күні Алматы қаласы Бостандық ауданының Комьюнити орталығында «Жастар бизнесін дамыту және ілгерілету: Алматы қаласының жас кәсіпкерлерінің сараптамалық қорытындысы» тақырыбында Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Сарапшы» сараптама алаңы өтті. Университетіміздің атынан халықаралық қатынастар, құқық және бизнес, менеджмент және халықаралық коммуникациялар, шығыстану және шет тілдері педагогикалық факультеттерінің студенттері қатысты.

    Март 27, 2025

  • Аударма мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік семинар

    2025 жылдың 27 наурызында ЖТН AP19680449 «Аударма сапасын бағалау: ғылыми және оқу салалары» ғылыми жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Аударма және Филология» факультетінің оқытушылары мен студенттеріне ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарда жобаның аға ғылыми қызметкері доктор PhD, шет тілдер сөйлеу тәжірибесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Куркимбаева Айжан Муратовна баяндама жасады.

    Март 27, 2025

  • Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

    2025 жылдың 20 наурызында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны және «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында сенбілік өтті. Іс-шараға студенттер, ПОҚ және университет қызметкерлері қатысып, ЖОО аумағын көгалдандыру үшін күш біріктірді.

    Март 20, 2025

Хабарландырулар

  • Жапон тілінен шешендік өнер сайысы

    Құрметті оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар. 2025 жылдың 15 наурызында сағат 11:00-де университетімізде Қазақстан бойынша 28-ші жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтеді. Сайысқа «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ», «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» студенттері және «Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» студенттері қатысады. Өткізілетін орны: «Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» бас оқу ғимараты, қызыл зал.

    Март 13, 2025

  • БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

    2024-2025 күзгі семестрді есепке ала отырып, қосымша білім беру қызметтеріне өтініш қабылдау басталды.

    Өтініш 13.03.2025 жылдан бастап 28.03.2025 жылға дейін СҚКО-да қабылданады.

    Сабақ басталу уақыты 31.03.2025ж. 

    СҚКО жұмыс кестесі дүйсенбі-жұма сағат 09.00-18.00. Түскі үзіліс 13.00-14.00

    Март 12, 2025

  • Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Цзян Вэй ханым «Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ»-ке сапармен келеді

    Құрметті студенттер, магистранттар мен докторанттар! 2025 жылдың 12 наурызында Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Цзян Вэй ханым «Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ»-ке сапармен келеді. Сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін қонақ дәрістері өтеді. Қонақ дәрістерінің тақырыптары «Қытай-қазақ қатынастары қайраткерлердегі» және «Қытай мәдениеті мен қазіргі заманның негізгі концепциялары» деп аталады. Сіздерді осы шараға қатысуға және кез келген сұрақтарыңызды қоюға шақырамыз. Өткізілетін орны: «Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» бас оқу ғимараты, қызыл зал.

    Март 11, 2025

Конференциялар

ҚазХҚжӘТУ университетінің 3D туры

универсиада замена