Әлеуметтік жеңілдіктер алуға құжаттарды қабылдау

Құрметті студенттер!

23.09.2024 – 04.10.2024 аралығында келесі әлеуметтік жеңілдіктер түрлеріне құжаттар қабылданады:

- Оқудың барлық кезеңінде тек «өте жақсы» және «жақсы» бағалары бар 3 және 4 курс студенттеріне «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ Шәкіртақысы

- «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ Ректорының Шәкіртақысы

- Білім алушылардың жекелеген санаттарына оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер

Конкурстық комиссия студенттерден келесі құжаттарды қарастырады:

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ Шәкіртақысы:

  1. Басқарма Төрағасы – Ректор атына Өтініш (Университет сайтында жарияланған);
  2. Декан немесе декан орынбасары бекіткен уәждемелік хат;
  3. Белгіленген нысан бойынша барлық оқу кезеңіне транскрипт;
  4. Дипломдардың, алғыс хаттардың, сертификаттардың, конкурстар мен байқаулардың сертификаттарының, жарияланымдар тізімінің және т.б. көшірмелері.

Әлеуметтік осал топтағы студенттерге арналған «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ Ректорының шәкіртақысы:

  1. Басқарма Төрағасы – Ректор атына Өтініш (Университет сайтында жарияланған)
  2. Туу туралы куәлігінің көшірмесі
  3. Отбасы құрамы туралы анықтама
  4. Ата-анасының біреуінің қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда)
  5. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатынын растайтын электрондық үкімет порталынан (e-gov) алынған мәліметтер
  6. Студентке немесе студенттің ата-анасына мүгедектік тағайындау туралы комиссияның қорытындысы (МӘС үзіндісінен көшірмесі)
  7. Ата-анасының біреуінің табысының жоқтығын растайтын анықтама (болған жағдайда)
  8. Кірістер туралы анықтама

Белгіленген еңбек өтілі бар Университет қызметкерлерінің балаларына оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер:

  1. Формаға сәйкес өтініш (Университет сайтында жарияланған)
  2. Туу туралы куәлігінің көшірмесі
  3. Қызметкердің Университеттегі жұмыс өтілін растайтын құжат 

Жетім және/немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер:

  1. Формаға сәйкес өтініш (Университет сайтында жарияланған)
  2. Туу туралы куәлігінің көшірмесі
  3. Екі немесе жалғыз ата-ананың қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі
  4. Ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуын, хабар-ошарсыз кетті деп танылуын, қайтыс болды деп жариялануын, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуын, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуін, баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруын, оның ішінде баланы тәрбие немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуын растайтын құжаттар көшірмесі.

Құжаттар №115 кабинет, 1 оқу ғимаратында қабылданады.

Қабылдауға жауапты тұлғалар:

Жанысова Камила

Бекенова Аяулым

Анықтама үшін: 87472090027

Печать