Шығыстану факультетіндегі корей тілі мен мәдениеті күндері

2023 жылдың 17-28 сәуір аралығында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Корейтану орталығы шығыстану факультетінде корей тілі мен мәдениеті күндерін өткізді. 2 апта ішінде шығыстану факультетінің корей бөлімінің 1 курс студенттері арасында бейнероликтер байқауы, 2 курс студенттері арасында эссе байқауы мен 1, 2 және 3 курс студенттері арасында корей тағамдары күні өткізілді. Іс-шараларға барлығы 170-ке жуық корей тілін оқитын студенттер қатысты.

4 мамырда Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Корейтану орталығы «Мен корей тілін неге үйреніп жатырмын» бейнероликтер байқауының, эссе байқауының қорытындысын шығарды. Бірінші курс студенттері арасында өткен бейнероликтер байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

~ 1 орын - Қанапия Құндыз

~ 2 орын - Абдуахитова Алина

~ 3 орын - Кан Аделина

Корей тіліндегі эссе байқауына үш білім беру бағдарламасы бойынша корей бөлімінің 2 курсынан 15 студент қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

~ 1 орын - Жұмағали Мадина

~ 2 орын - Мухамбетжан Жансая

~ 3 орын - Нұрмәмет Мөлдір

28 сәуірде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ банкет залында жыл сайынғы корей тағамдары күні өтті. Іс-шараға шығыстану факультетінің корей бөлімінің 1, 2 және 3 курс студенттері қатысты. Шығыс тілдерінің аудармасы кафедрасының аға оқытушысы Пак Су Бок 1 және 2 курс студенттеріне кимпаб және ттокпокки дайындау бойынша мастер-класс өткізді. Бұл іс-шараға қатысушылар, яғни корей тілін оқитын 110 бірінші және екінші курс студенттері тәжірибе жүзінде корей тағамдарын дайындауда баға жетпес тәжірибе жинақтай алды.

Кимпаб пен кочичонды дайындау байқауына шығыстану факультеті корей бөлімінің 3 курс студенттерінің 50-ге жуығы қатысты. Қатаң құзырлы қазылар алқасының шешімімен жеңімпаз командалар анықталды:

~ 1 орынды 317  топ командасы иеленді: Адильбек Жанель, Елеуқанова Еркежан, Есқали Малика, Сапар Меруерт, Жаукербаева Мадина және Қодас Макпал.

~ 2 орынды 309 топ командасы иеленді: Назарбаев Ерасыл, Волкобоева Мария, Бабенова Анар, Боранбай Аружан және Русланова Анеля

~ 3 орынды 307 топ командасы және 318 топ командасы бөлісті: Ким Вероника, Успанова Диана, Сабирбаева Лаззат, Махмутова Сауле, Дю Кристина, Касенова Сабина, Жұмабек Балауса, Мұрат Жұлдыз, Нұрланова Нұргүл, Муратова Зере, Әділханова Айғаным және Әбдірасылқызы Мадина.

Іс-шара жақсы көңіл күйде өтті, студенттер корей тағамдарының қыр-сырына қатысты сұрақтарын қойып, бір-бірімен әңгімелесіп, дайындалған тағамдардан дәм тата алды.

Корей тілі мен мәдениеті апталығын Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі жанындағы Білім беру орталығының қолдауымен Корейтану орталығы және шығыстану факультетінің корей бөлімі оқытушылары ұйымдастырып, өткізді.

Печать