Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың нәтижелері

SDU University 23-24 мамыр күндері "6B01702-Шет тілі: екі шет тілі (француз тілі)" білім беру бағдарламасы бойынша ҚР ЖОО студенттері арасында Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы өткізді. Олимпиада студенттердің француз тілін үйренуге деген ынтасын арттыруға, студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашуға, студенттердің оқытушыларын зияткерлік жарыстарға көбірек тартуға ықпал етті. Олимпиада нәтижесі бойынша, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінің Шет тілдер педагогикалық факультетінің студенттері жүлделі орындарға ие болды:

🥇1 орын – 3 курс студенті Ганиұлы Спандияр
🥈2 орын – 3 курс студенті Қожанов Эмиль
🥉3 орын – 4 курс студенті Сейітжан Жанель

Студенттерімізді жүлделі орындарымен құттықтап, толағай табыстар тілейміз!🥳

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать