Профессорлық-оқытушылар құрамы жас коммуникация мамандарына арналған жазғы лагеріне қатысуы

10-31 тамыз аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық коммуникациялар кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы жас мамандарға арналған жазғы лагерь аясында ұйымдастырылған тренингтерге қатысты. Шараны Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізді.

Тренингтер барысында оқытушылар мен студенттер заманауи коммуникациялар саласындағы білімдерін тереңдете түсті. Сондай-ақ қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, медиа кеңістігіндегі заманауи трендтерге қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Тәжірибелік аспектілерге, соның ішінде топтық тапсырмаларды орындауға және ағымдағы үрдістерді талдауға ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шараларға қатысу оқытушылардың кәсіби өсуіне ғана емес, сонымен қатар оқу үдерісінде және кафедраның одан әрі дамуына маңызды рөл атқаратын сараптамалық қоғамдастықпен байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Печать