«Құмар ойындарынан тәуелсіздік» қонақ дәрісі

28.02.2025 жылы 1 курс студенттеріне жастар арасында ойынға тәуелділіктің алдын алуға бағытталған «Құмар ойындарынан тәуелсіздік» атты дәріс өткізілді. Дәрісті Сергей Скляр атындағы психотерапия орталығының қызметкері, когнитивті-мінез-құлық психотерапиясының Еуразиялық қауымдастығының мүшесі, психиатр, нарколог, психотерапевт Асель Мергенқызы Сүлейменова оқыды.

Дәріс барысында Әсел Мергенқызы Сүлейменова лудомания мәселесімен белсенді айналысатын кәсіби маман ғана жауап бере алатын өте өзекті мәселелерді, сұрақтарды көрсетті. Төмендегі сұрақтарға дәріскер толық жауап берді:

- лудоманияның анықтамасы, көрінісі

- таралуы, статистикасы.

- әлеуметтік салдары

- неврология және ойынға тәуелділікті емдеу

- тарту механизмдері

- ойыншыларды манипуляциялау механизмдері

- емдеу әдістері және алдын-алу.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, маманнан практикалық ұсыныстар алды.

Мұндай дәрістер жастардың ойынға деген қажеттілігін тоқтатып, балама табуға тырысып, құмарлықтарын ұмытып кететініне сенімдіміз.

Сергей Склярдың психотерапия орталығына студенттердің білім берудегі ынтымақтастығы мен қолдауы үшін алғыс айтамыз.

Печать