Шетел тілдері педагогикалық факультетінің студенттері үшін "Сергектік пен релаксация елесі: энергетиктер мен вейптердің зияны" тақырыбында дәріс өтті

2025 жылдың 15 сәуірінде университет психологы Низамудин Мухаббат Армановна шетел тілдері педагогикалық факультетінің студенттері үшін "Сергектік пен релаксация елесі: энергетиктер мен вейптердің зияны" тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс студенттермен тікелей диалог форматында өтті, онда жастар арасында вейп пен энергетиктердің танымал болу себептері, олардың ағзаға әсері, сондай-ақ олардың "қауіпсіздігіне" байланысты мифтер талқыланды. Өз денсаулығына саналы көзқарасты қалыптастыруға және салауатты өмір салтын таңдауға ерекше назар аударылды. Студенттер мұндай өнімдер көбінесе шаршауды, стрессті жеңу немесе сән үрдістерін ұстану тәсілі ретінде күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналатынын атап өтті.

Дәрісте өз өмір салтына жауапкершілікпен қарау және салауатты баламалардың пайдасына саналы таңдау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Іс-шара сыни ойлауды қалыптастыруға, физикалық және психоэмоционалды әл-ауқатты сақтауға мотивацияны нығайтуға ықпал етті.

Печать