Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Бескемпірұлы Қалдыбеков Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ҚХА-ның 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды табыс етті.
Марапаттау рәсімі Алматы қаласы әкімдігінің қабырғасында өтті.
Марапатталғандар қатарында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің өкілдері – халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультеті халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Шамилов Мурад Фуриддинович, халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Жакупов Руслан Кабылтаевич және "Халықаралық қатынастар" білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Мохаммедсаруар Омар болды.
Біз сіздерді шын жүректен құттықтап, табыс тілейміз!