Қонақ дәрісі «Нашақорлықтың, алкоголизмнің және ойынға тәуелділіктің алдын алу»

30 қараша күні Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де «Жаңа ғасыр» Қауымдастық Заңды тұлғалар бірлестігінің маманы Нуржан Жакуповтың баяндамасымен «Нашақорлықтың, алкоголизмнің және ойынға тәуелділіктің алдын алу» атты қонақ дәрісі өтті. Спикердің лекциясында тәуелділік мінез-құлқының түрлері мен себептері, тәуелділік кезеңдері, өзін-өзі талдау факторлары мен технологиялары туралы мәселелер қарастырылды.

Студенттерге нашақорлықтың дамуына ықпал ететін факторлар туралы мағлұмат беріліп, нашақорлық пен маскүнемдіктен зардап шегетін жастардың өмірінен мысалдары және оларды емдеу әдістері көрсетілді. Н.Жакупов Қазақстанда нашақорлар саны артып келе жатқанын, сондықтан «Алдын ала ескертілген – қарулы» қағидасымен өмір сүру маңызды болғандықтан, ақпараттық-алдын алу шаралары қажет екенін атап өтті.

Дәріс барысында студенттер сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

Осы мәселелер бойынша ақпараттық қолдау көрсеткені үшін Алматы қаласы әкімдігіне, сондай-ақ дәріс оқығаны үшін Н.Жакуповқа алғыс айтамыз.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 3. ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН АМАНДЫҚ

Печать