2024 жылғы 28 наурызда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Жастар Ассамблеясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
2024 жылғы 28 наурызда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Жастар Ассамблеясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Жаңа жылда пәндер бойынша QS рейтингінде біздің университет Modern Languages бағыты бойынша 301-340 орындарды, сондай-ақ алғаш рет Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Lingiustics бағыты бойынша пәндік рейтингке 251-300 аралығындағы позицияны иеленді!
Кеше 2024 жылдың 14 наурызында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Қазақ филологиясы кафедрасының профессорлары мен оқытушылары Ғ.Ж.Тұңғатова, Л.Ж Хамимульдинова, Ж.Ж.Есеналиева, С.С. Айтжановалардың ұйымдастыруымен халықаралық қатынастар факультетінде «Ұлыстың Ұлы күні» атты мерекелік кеш өтті.
2024 жылдың 13 наурызында Шет тілдер педагогикалық факультетінің 1 курс студенттері арасында экологиялық мәселелердің шешімін табуға бағытталған «Invest in our planet» конкурсы өтті. Әр топ қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу бойынша презентация, бейнеролик, фотосурет көрсетті.
2024 жылдың 12 наурызында репродуктивті денсаулығын сақтау, сонымен қатар туберкулездің алдын алу мақсатында факультеттердің 1 және 2 курс студенттеріне семинар өткізілді. Бұл шараның ұйымдастырушылары ШЖҚ «№7 қалалық емхана» МКК, сондай-ақ Aq jol жастар денсаулық орталығы болды.
2024 жылдың ақпан айының басынан бастап Шет тілдер педагогикалық факультетінің 3 курс студенті Рамбердина Сабина волонтерлік негізде 60 жастан асқан адамдарға ағылшын тілі курстарын жүргізіп келеді. Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында Аян Ілиясқызы Джомартованың жетекшілігімен «Шуақты кемел жас мектебі»-інде (2017 жылдан бастап «Қуаныштағы кәрілік» қоры аясында жұмыс істейді) 50-ден астам адам қатысатын сабақтар процесі жүргізілуде.
2024 жылдың 11 наурызында шетел тілдері педагогикалық факультетінде «Мұғалім: армандаған мамандық немесе өмірге бейімділік» атты дөңгелек үстел өтті, оған «Екі шетел тілдерінің мұғалімі» мамандығының 4 курс студенттері қатысты. Шеттілдік білім беру әдістемесі» кафедрасының оқытушысы, Педагогика ғылымдарының магистрі Алмашова Камила Асқарқызының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада студенттер дипломалды- педагогикалық тәжірибеде алған тәжірибелерімен алмасты және мектептегі педагогикалық іс-әрекеттерді бейнелейтін видео-презентация дайындай отырып, болашақ ұстаз ретінде кәсіби шыңдалуында педагогикалық тәжірибенің маңызды рөліне тоқталды.
1-7 наурыз аралығында Сочи қаласында (Ресей федерациясы) Бүкіләлемдік жастар фестивалі өтті, оған Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шет тілдер педагогикалық факультетінің 1 курс студенті Каршига Танханым қатысты. Каршига Танханым елеулі іріктеу байқауынан сәтті өтіп, фестивальга жүлдеме ұтып алды. Іріктеу бірнеше кезеңдерден құралған: эссе жазу, тарих саласында білімді бақылауға арналған онлайн-тестілеу, сондай-ақ ағылшын тілінде бейне түсіру.
2024 жылдың 6 наурызында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы Қазақ Ұлттық Қыздар педегогикалық университетінде еліміздің 70 жетекші әйел ғалымдарының қатысуымен аралас форматта салтанатты іс-шара өткізді.
Әлеуметтік әріптестік шеңберінде 05 наурыз 2024 жылы HR менеджері Сапаева Нуриса және PR менеджері Федорова Карина «Iteсa» ЖШС компаниялары Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінің «6В11101 Туризм» және «6В11102 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттеріне қонақтық дәріс өткізді.
2024 жылдың 29 ақпанында Абай атындағы ҚазПУ-де «ШАЙQAS» интеллектуалды сайысында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің «Журналистика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері жүлделі 3-ші орынға ие болды: