Жоғары оқу орнынан кейінгі қолдау

«Жоғары оқу орнынан кейінгі қолдау», түлектердің мансаптық өсуін бақылау, сондай-ақ жұмыс берушілермен жұмысты ұйымдастырудағы  еңбек нарығының мүдделерін  айқындаумен байланыстылығын,  оқу үдерісінің тиімділігін бақылау мақсатында университет пен түлектер арасындағы кері байланысты жақсарту мәселелерін шешуді көздейді. Бұл қызметтің тиімділігін қамтамасыз ету үшін:

- әлемдік қауымдастық елдерінің экономикалық интеграциясының кеңеюі жағдайында кәсіби заң қызметінің көп тілділігін қамтамасыз ету үшін бітірушілер үшін ағылшын тілі курстарының жұмыс істеуі;

- мүдделі тұлғалардың таңдауы бойынша біліктілікті арттыру курстарының болуын қамтамасыз ету;

- кәсіби заңгерлік қызметке дайын мамандарды  дайындау барысында  оқу үдерісі сапасының әсерін зерттеу мақсатында түлектердің мансаптық өсуін талдау;

студентті бүкіл оқу кезеңінде және мамандық бойынша жұмыстың алғашқы үш жылында қолдау үшін университет пен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету.

Бағдарламаның мақсаты – студенттер мен түлектерге кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және заманауи еңбек нарығының жағдайына бейімделуіне жоғары оқу орнынан кейінгі қолдау көрсету үшін кешенді жағдайлар мен шараларды кезең-кезеңмен жасау.

 

Бағдарламаның міндеттері:

-еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, түлектерді жұмысқа орналастырудың тиімді мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін жағдайлар жасау;

- түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында әлеуметтік серіктестікті дамыту;

- студенттер мен бітірушілердің өз бетінше жұмыс іздеуге мотивациясын дамытуға көмектесу;

-оқушылар мен түлектердің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтетін және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыратын білім беру бағдарламалары бойынша үздіксіз білім беру жүйесін ұйымдастыру;

-түлектердің еңбек нарығын зерттеу;

-жоғарғы оқу орнынан кейінгі қолдауды қамтамасыз ету мақсатында бітірушілер туралы мәліметтер қорын қалыптастыру.

Дипломнан кейінгі қолдаудың табыстылық белгілері:

-кәсіби дамуға көңіл бөлу;

-тәрбиелік оқыту шеңберінде жұмысқа тұрақты мотивация;

-түлектердің кәсіби ортаға бейімделуі;

-кәсіби заң қызметінің сапасын арттыру;

-құқық қорғау саласында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

- түлектердің жұмыс процесіндегі белсенділігі мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.

Дипломнан кейінгі қолдаудың кезеңдері:

  • Мамандыққа түсудің тиімділігін қамтамасыз ету;
  • Өзін-өзі таныстыру және кәсіби тапсырмаларды талдау дағдыларын қалыптастыру;
  • Түлектердің кәсіптік қызметке алғашқы бейімделуі;
  • Кәсіби мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыру және кәсіби ортада бағдарлау;
  • Кәсіби құндылықтар мен мотивтер жүйесін қалыптастыру;
  • Жеке жетістіктер мен кәсіби өсуді көрсету.

Печать E-mail

универсиада замена