«Қытай тілінің үздік оқытушысы» әдістемелік онлайн байқауы

2023 жылғы 30 қарашада Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де Конфуций Институтының қолдауымен «Қытай тілінің үздік оқытушысы» әдістемелік онлайн-байқауы өткізілді. Байқауға Алматы қаласының жоғары оқу орындарының қытай тілі оқытушылары қатысты, оның мақсаты жоғары оқу орындары оқытушыларының әлеуетін ашу болып табылады. 

Байқау екі кезеңнен тұрды. «Оқыту әдістемесі» атты бірінші кезеңінде қатысушылар студенттермен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. «Шығармашылық шеберлік» атты екінші кезеңі шығармашылық шеберліктің таланттарын көрсетуден тұрды. Мұғалімдер ән айтты, музыкалық аспаптарда ойнады, ушу өнері мен каллиграфияны көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Печать