Профессор Aarhus University (Дания), Энберг Янг Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де аудармашылардың біліктілігін арттыру курсын өткізеді

2023 жылғы 14 қарашасынан 8 желтоқсан аралығында Орхус университетінің профессоры (Дания), PhD Энгберг Ян Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде «Аударма саласындағы оқыту және зерттеу әдістерін жетілдіру» тақырыбында 1 айлық курсын өткізді.

Аталған курсқа университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысып, өз біліктіліктерін жетілдірді. Осы уақыт аралығында, профессор Ян студенттермен де тығыз жұмыс істеп, Орхус университетінде әріптестерімен бірге және өзі жасаған жаһандық деңгейде қолданылатын білім беру тәсілін ұсынды. Аудармашылар, лингвисттер және оқытушылар өз мамандықтары шеңберіндегі қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге, әлемдік деңгейде қабылданған арнайы білім құралдарын қолдану тәсіліне қатысты дәріс өтті. Осы әдіс студенттермен тікелей жұмыс істегенде практикалық мақсаттарда қолданады. «Мағыналық және мәтіндік деңгейде сараптамалық мәтіндердің ерекшеліктерін түсіну», «мәтіндерді аударуға қатысты практикалық шешімдер» және т.б. тақырыптарды қамти отырып, аударманың жаңа технологиясымен бөлісті.

Оқыту семинарлары аясында жас ғалымдар мен докторанттармен бірлесіп, консультациялар өткізілді, сондай-ақ рецензияланатын халықаралық журналдарда жарияланымдарға қойылатын талаптар талқыланды.

Сонымен қатар, профессор университет қабырғасында және университеттен тыс ұйымдастырылған мәдени-танымдық іс-шараларға белсене қатысты.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 8. ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Печать