ТМД елдерінің жас ғалымдары Қазақстан Республикасының Тұрақты даму тұжырымдамасын талқылады

2023 жылғы 30 қарашада Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де «Қазақстан Республикасының тұрақты даму тұжырымдамасы және оны қазіргі жағдайда іске асыру» тақырыбында жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық студенттік конференция өтті.

Конференцияға Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның жоғары оқу орындарының жас ғалымдары, мектеп оқушылары, студенттері мен магистранттары қатысты.

Конференцияда ұсынылған баяндамаладың авторлары 2016 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті мақұлдаған Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасының мәселелерін зерттеді. Конференция аясында баяндамашылар келесі секциялар бойынша өз баяндамаларын ұсынды:

1-Секция «Туризмнің тұрақты дамуы: қиындықтар мен перспективалары»;

2-Секция «Қазақстан экономикасындағы тамақтану және қонақжайлылық индустриясының рөлі»;

3-Секция «Қоғамның тұрақты дамуы жағдайындағы Медиа және коммуникация: дәстүрден инновацияға»;

4-Секция «Менеджмент және маркетингтің жаһандық тенденциялары».

Жас ғалымдар ұсынған баяндамалар менеджмент және маркетинг, туризм, қонақ үй және мейрамхана бизнесі, журналистика және қоғаммен байланыс саласындағы қазіргі және болашақтағы жаһандық тенденцияларды қамтыды. Қазақстандықтардың өміріне жасанды интеллект енгізу және оның адамзатпен қатар өмір сүру перспективалары мәселелері қозғалды. Оқушылар қазіргі жағдайда өсу мен даму үшін жас ұрпақтан жаңа дағдыларды, қасиеттерді қалыптастыруды талап ететін неғұрлым прогрессивті тетіктер талап етілетінін айтты.

Конференция қорытындысы бойынша үздік баяндамашылар 1-ші, 2-ші және 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 5. ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать