«Заманауи тілдік байланыстар: теория және тәжірибе» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2023 жылғы 8 желтоқсанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде лингвист-ғалым Карлинский Аврам Ефремұлының 100 жылдығына арналған «Заманауи тілдік байланыстар: теория және практика» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияда ғалымдар, ЖОО оқытушылары, докторанттар конференцияның төмендегідей бағыттары бойынша баяндама жасады:

1 Карлинский Аврам Ефремұлы – тілдік байланыстар бойынша қазақстандық мектептің негізін қалаушы;

2 Билингвизм және тілдік байланыстар;

3 Тілдік құбылыстарды талдауға семиотикалық көзқарас;

4 Қазіргі әлемдегі тілдер: коммодификация және функционалдық маңыздылығы;

5 Ана тілі, екінші және шетел тілдері: оқыту мәселелері.

Келесі баяндамалар А. Е. Карлинский Аврам Ефремұлының өмірі мен шығармашылығына арналды:

Кульгильдинова Төлебике Әлімжанқызы, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, п. ғ. д., профессор, Алматы, Қазақстан - А. Е. Карлинскийдің оқытушы, ғалым, лингвист және отбасы мүшесі ретіндегі феномені;

Шайбакова Дамина Дисенгалиевна, ф.ғ. д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан - А. Е. Карлинскийдің ғылыми идеяларды жалпылауға қосқан үлесі;

Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы, ф.ғ. д., профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан - Дәуір және тұлға: А. Е. Карлинский Қазақстан мен әлемнің ғылыми кеңістігінде.

 Хунань педагогикалық университетінің, Чанша қ., ҚХР ғалымы  Е.Н. Степановтың, ф. ғ. д., профессор С. Е. Степанованың,  Се Синьидің (XieXinyi), Хебинцидің (HeBingqi), Сюймейцзяның (XuMeijia), ф. ғ. д.,  Өзбек мемлекеттік университетінің қазіргі орыс тілі кафедрасының профессоры (Ташкент, Өзбекстан ) С. Б. Имнің   баяндамалары конференцияға қатысушылардың қызығушылығын тудырды;

          Конференцияға Қазақстанның басқа елдерінен және түрлі жоғары оқу орындарының ғалымдарынан баяндамалар келіп түсті:

         Давлятова Э. М. Термез Мемлекеттік Университеті, ағылшын тілін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, Термез, Өзбекстан.

  • Дүйсебаева Д.У., Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, Низами, Ташкент, Өзбекстан;
  • Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті,
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
  • Абай атындағы ҚазҰПУ,
  • Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,
  • Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті,
  • Ә. Марғұлан атындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті,
  • Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті.
  • О. Жәнібеков атындағы ОҚПУ (Шымкент),
  • Академик Мардан Сапарбаев институтының (Шымкент) Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ),
  • Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Батыс Қазақстан инновациялар және технологиялар университеті,
  • Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инженерия университеті,
  • Алматы энергетика және байланыс университеті
  • Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы әскерлерінің Әскери институты
  • ВАЗ Еуразиялық технологиялық университеті, Алматы қ.,
  • Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ.

Конференция модераторы Кульгильдинова Төлебике Әлімжанқызы конференция жұмысын аяқтай отырып , университет басшылығына, университет ректоры академик С.С. Құнанбаеваға осындай айтулы іс-шараны өткізу мүмкіндігі үшін, конференцияны дайындауға белсенді қатысқан теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының ұжымына алғысын білдірді.  

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать