Қытай еліне іс-сапар

2023 жылғы 6 желтоқсан мен 12 желтоқсан аралығында Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Ж.Т. Жылтырова, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Т.Е. Әбдіғаппар, Шығыстану факультетінің деканы Е.М. Қағазбаева мен Конфуций институты директорының орынбасары Ши Лонвэй Қытайға жұмыс сапарын сәтті өткізді!

Іс-сапардың алғашқы аялдамасы Пекин қаласындағы Қытай ұлттарының орталық университеті болды. Делегация білім берудегі соңғы озық технологияларға және оқу кабинеттерін техникалық жарақтандыруға сәйкес smart classes принципі бойынша салынған инновациялық Фынтуй кампусын аралады. Президент Го Гуашэнь және университет проректорларымен кездесу өтіп, онда шығыстану мамандығы бойынша қос дипломдық бағдарлама және академиялық ұтқырлық квотасын ұлғайту бойынша маңызды келісімдерге қол жеткізілді.

Сондай-ақ Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Жылтырова Ж.Т. және Конфуций институты директорының орынбасары Ши Лонвэй Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі ұйымдастырған Қытай тілі бойынша Бірінші дүниежүзілік конференцияға қатысты.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать