Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ делегациясының Педагогикалық білім беру бойынша Азия-Еуропа халықаралық форумы - 2023 қатысуы

11-13 желтоқсан аралығында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ делегациясы атынан ӘМжәнеТЖ жөніндегі проректор Т.В. Серёжкина және Конфуций орталығының менеджері Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі мен Солтүстік-Батыс педагогикалық университеті (Ланчжоу қ.) ұйымдастырған Педагогикалық білім беру жөніндегі Азия-Еуропа халықаралық форумы-2023 жұмысына қатысты.

Форумға ТМД елдерінің (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Босния және Герцеговина, ҚХР ЖОО) өкілдері қатысып, педагог кадрларды даярлау қағидаттарын көрсететін баяндамаларын ұсынды.

«UGS (университет-білім беру мекемесі-мемлекет) шеңберінде мұғалімдердің дамуын ынталандырудың халықаралық тәжірибесі» секциясының жұмысында Т.В. Серёжкина «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде халықаралық кадрларды даярлаудың ерекшеліктері» атты баяндама ұсынып, секция қатысушыларының оң пікірлерін тудырды.

Бұл Форум қатысушыларға Педагогикалық және халықаралық кадрларды даярлау тәжірибесін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-мен Солтүстік-Батыс педагогикалық университетінің кадрларды бірлесіп даярлау мүмкіндігін, студенттер мен ПОҚ-ның академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуын, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды, сондай-ақ Конфуций орталықтарының бүкіл әлем бойынша ынтымақтастығын одан әрі нығайтуды талқылауға мүмкіндік берді.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать