Шығыстану факультетінің студенттері «CU Central Asia» ЖШС ұсынған кореялық BGF компаниясының өкілдерімен кездесуге қатысты.

BGF компаниясы Оңтүстік Корея нарығында 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Оңтүстік Корея, Моңғолия мен Малайзияда 17400-ден астам бөлшек сауда нүктелері бар. Қазақстанда желі ашуды жоспарлап отыр.

Шығыстану факультетінің корей тілін оқитын студенттері корей бизнесінің ерекшеліктерімен жеке танысып қана қоймай, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды, сонымен қатар бұл компанияны болашақта жұмыс орны ретінде қарастырды. Университетіміздің атынан шығыстану кафедрасының аға оқытушысы Джанабекова Фариза Құралбаевна модератор болды. Бұл іс-шара университетіміз пен корейлік әріптестер арасындағы өзара әрекеттестіктің шекарасын кеңейтуге мүмкіндік берді, жас мамандардың дамуына жақсы әсер етті.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 16. БЕЙБІТШІЛІК, СОТ ӘДІЛДІГІ МЕН МЕН МЫҚТЫ ИНСТИТУТТАР, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать