Жас зерттеуші Ділнәр Меллаттың Қытайға ғылыми іссапары

Шығыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Қытайда қорғаған Меллат Ділнәр ҚХР Тілдерді оқыту және ынтымақтастық орталығы ұйымдастырған жас синолог-зерттеушілер курсында ғылыми бағытын жетілдіріп қайтты. Бұл бағдарламаға әлемнің түкпір-түкпірінен 22 жас зерттеуші қатысты, оның ішінде оқытушы Д. Меллат Қазақстанның атынан жалғыз қатысып, сертификат алды.

2023 жылдың 4-10 желтоқсан аралығындағы ғылыми іссапар барысында QS рейтингі бойынша дүние жүзіндегі университеттер арасында 17-орынды иемденген Пекин университетінің және ҚХР Тілдерді оқыту және ынтымақтастық орталығының шақыруымен Меллат Дилнар қытай тілі бойынша Бірінші дүниежүзілік конференцияға қатысып, қытай тілінде «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы Z дәуірі» тақырыбында баяндама жасады, сондай-ақ Бейжің білім беру теледидарына сұхбат берді.

Меллат Дилнар - келешегі зор жас ғалым және Алматы қаласының ЖОО оқытушылары арасында 1-ші орынды иеленген 2023 жылғы қытай тілінің үздік оқытушысы, республикалық «Үздік жас маман» байқауында 1-дәрежелі дипломмен марапатталған өз ісінің білгір маманы.

Меллат Дилнарға ғылыми және оқытушылық қызметінде табыс тілейміз !

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 8. ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары, Қауымдастық жаңалықтары

Печать