Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің Шет тілдер педагогикалық факультетінің 1 курс студенті Сочи қаласында өткен Бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысты

1-7 наурыз аралығында Сочи қаласында (Ресей федерациясы) Бүкіләлемдік жастар фестивалі өтті, оған Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шет тілдер педагогикалық факультетінің 1 курс студенті Каршига Танханым қатысты. Каршига Танханым елеулі іріктеу байқауынан сәтті өтіп, фестивальга жүлдеме ұтып алды. Іріктеу бірнеше кезеңдерден құралған: эссе жазу, тарих саласында білімді бақылауға арналған онлайн-тестілеу, сондай-ақ ағылшын тілінде бейне түсіру.

Сочи қаласындағы Бүкіләлемдік фестиваль бизнес, медиа, халықаралық ынтымақтастық, мәдениет, ғылым, білім беру, еріктілік және қайырымдылық, спорт, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы 25000-нан астам жас көшбасшылар, сондай-ақ әртүрлі балалар ұйымдары мен бірлестіктерін ұсынатын жасөспірімдер үшін диалог алаңына айналды.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать