Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының салтанатты жиналысы

2024 жылдың 6 наурызында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы Қазақ Ұлттық Қыздар педегогикалық университетінде еліміздің 70 жетекші әйел ғалымдарының қатысуымен аралас форматта салтанатты іс-шара өткізді.

Ұлттық Ғылым академиясының президенті А. Күрішбаев өзінің құттықтау сөзінде ғылым саласында ғалым-әйелдердің 60 пайызға жуығы жұмыс істейтінін айтты, Ұлттық Ғылым Академиясы осы іс-шаралар шеңберінде Қазақстан мен Орта Азиядағы тұңғыш әйел-академик, көрнекті физиолог, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Нәйла Оразғұлқызы Базанова атындағы медальді бекіткенін хабарлады. Бұл марапат тек ғалым әйелдерге олардың ерекше жетістіктерін және Қазақстан ғылымының дамуына қосқан қомақты үлесі үшін беріледі.

Салтанатты іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Құрмет грамоталары табыс етілді, олардың ішінде ғылым мен білім саласындағы жетістіктері үшін ф.ғ. д., профессор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Баяндина Сәуле Жұмажанқызы да марапатталды.

Печать