«Жастар Ассамблеясы» РҚБ-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою

2024 жылғы 28 наурызда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Жастар Ассамблеясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. 

Университет Ректорының атынан ӘҰЖ жөніндегі Проректор Нұргабылов У.Ш. құттықтау сөз сөйлеп, университет қабырғасында «Ассамблея жастары» РҚБ ұяшығын құрудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, «Umit» босқындарға әлеуметтік-құқықтық көмек орталығы директорының орынбасары, м.ғ.к. доктор, Акбари Мохаммад Ашраф Афзал Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің және жастар арасындағы этносаралық келісімді дамыту аясындағы ынтымақтастықтың өзектілігін атап өтті. Кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Кайрыев Рустам Абдусаламович студенттердің этносаралық келісімді қамтамасыз етуге, қайырымдылық пен басқа да шығармашылық белсенділікті жүзеге асыруға қатысуының маңыздылығын атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласы бойынша "Ассамблея жастары" РҚБ өкілдігі төрағасының бірінші орынбасары Мұхаммедсаруар Омар қала мен республика аясындағы жастар бірлестігінің қызметі туралы айтып, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дегі «Жастар Ассамблеясы» РҚБ-ның жұмысы студент жастар арасындағы рухани-адамгершілік бағдарлардың, коммуникациялық мәдениеттің мәдени өзара түсіністігінің өсуіне ықпал ететініне сенім білдірді.

Tags: МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать