Зияткерлік-танымдық ойын өткізу туралы есеп «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы.

«Не? Қайда? Қашан?» Тапқыр достар атты интеллектуалды-танымдық ойыны! Колледждердің проф. ориентациялық жұмысы бойынша студенттер үшін арналған. Қатысушылар:

  1. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ «Халықаралық сервис және менеджмент колледжі».
  2. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ «Менеджмент және халықаралық туризм колледжі».
  3. Алматы қаржы-экономикалық колледжі.

Аталмыш іс-шара 28.03.2024 ж. университеттің Қызыл залында бас оқу корпусында (орыс бөлімі үшін.) сағат 10.00-де және 12.30-да (қазақ бөлімі үшін.) өткізілді. Іс-шара жағымды атмосфера құру, студенттер арасындағы достықты нығайту және ұжымды қолдау, сондай-ақ талапкерлерді біздің университетке тарту мақсатында ұйымдастырылды.

Бас ұйымдастырушылар: Фммк, «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы.

Сондай-ақ осы іс-шараны ұйымдастыруға қатысатын тұлғалар: Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ қабылдау комиссиясы.

Іс-шараның тематикасы: «өзіңді білімге, зияткерлік-танымдық ойынға тексеру».

Музыкалық фон: жақсы көңіл-күй, командалық рух қалыптастыру үшін біз әртүрлі музыкалық фон қолданылды.

Ойындар мен жарыстар: студенттер командаларға бөлінді, ал жүргізушілер әртүрлі тақырыптар мен білім салалары бойынша сұрақтар қойылды, студенттердің міндеті - дұрыс жауаптар беру және мүмкіндігінше көп ұпай жинау.

Жүлделер: университет эмблемасы бар марапаттар табысталды: термос, нұсқаулық, қалам, дәптер, картхолдерлер, зарядтағыштар, бас жүлдегерлер мен команда капитандарына арналған бас жүлделер – сымсыз гарнитура.

Қорытынды: студенттер мен талапкерлерге арналған интеллектуалды-танымдық ойын қатысушыларға қуаныш, қанағат және марапат әкелетін сәтті іс-шара болды. Ұйымдастырушылар тобының Мұқият ұйымдастырылуы мен креативті тәсілінің арқасында позитивті және көшбасшылық рух атмосферасы құрылды. Іс-шара талапкерлерді университетке тартуға ықпал етті және жағымды естеліктер қалдырды.

Tags: МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать