28 марта 2024 года факультет Востоковедения и институт Конфуция провели международный круглый стол «Казахстан-Китай-Центральная Азия: современное состояние и перспективы». Настоящее мероприятие было посвящено 20-летию открытия кафедры Перевода восточных

2024 жылдың 28 наурызында Шығыстану факультеті мен Конфуций институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан-Қытай-Орталық Азия: қазіргі жағдайы және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шара Шығыс тілдері аударма кафедрасының ашылуының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге филология, аударматану, саясаттану және шығыстану саласындағы отандық және шетелдік мамандар, факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, кафедраның алғашқы түлектері қатысты.

Дөңгелек үстелді факультет деканы, с.ғ.к., профессор Кагазбаева Эльмира Маратқызы жүргізіп, алғы сөзді университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Тулебике Кульгильдинова берді.

Тулебике Кульгильдинова университеттің Басқара-Төрайымы-Ректоры, ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Кунанбаева Салима Сагиқызының құттықтау хатын оқып болған соң, Шығыс тілдері аударма кафедрасының негізін қалаған және алғашқы меңгерушісі болған Толқын Қалибекұлына ҚР ЖОО Қауымдастығы тағайындаған А.Байтұрсынов атындағы қола медалды табыс етті, Бақытжан Зеядаұлын 60 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, мерейтой иесіне ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығының «Үздік педагогі» атағы куәлігін табыстады.

Бағдарлама бойынша кафедра меңңгерушісі Р.Джельдыбаева кафедраның 20 жылдық тарихына шолу жасап, кафедраның білім беру, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, қоғамдық жұмыстар т.б. жақтардағы жетістіктерін айтып өтті.

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, ф.ғ.д., профессор Дүкен Мәсімханұлы құттықтау сөз сөйлеп, кафедра ұжымына өзінің еңбектерін тарту етті.

 Шығыстану факультетінің бұрынғы декандары Махпиров Валерий Уйгурович, Раев Дәулет Сәдуақасұлы, Динара Дәуен Шығыстану факультетінің тарихы мен жетістіктері туралы айтты.

Аударма және филология факультетінің деканы Мизамхан Бағлан, Шығыс филологиясы кафедрасының профессоры Пак Нелли Сергеевна, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызы құттықтаулар айтып, жылы лебіздерін білдірді. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Г.Бірімқұлова кафедра ұжымын онлайн құттықтады.

Дөңгелек үстел соңында кафедра доценті Ж.Тұрсынәлі ф.ғ.к., профессор Б.Зеядаұлының ғылыми жетістіктері туралы баяндама жасады. Шара соңында кафедра ұжымы мен бір топ  шәкірттері Зеядаұлы Бахытжанды құттықтап, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Аталмыш шара барысында Шығыс тілдері аударма кафедрасының ашылуының 20 жылдық мерейтойына орай бірқатар оқытушылар университеттің Басқара-Төрайымы-Ректоры,  ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Кунанбаева Салима Сагиқызының алғыс хатымен марапатталды

Tags: МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать