«БҰҰ үлгісі» халықаралық студенттік конференция

Осымен, БҰҰ моделінің екі қызықты күні сәтті аяқталды! Алматы қаласының 10-нан астам университет студенттері мен мектеп оқушылары, FLEX бағдарламасының түлектері - 73 делегат келесі бағыттар бойынша резолюция қалыптастыру бойынша жұмыс жасады:

1. Генеральная ассамблея (kaz) – Генеративті Жасанды Интеллекттің Мəселелері жəне Болашағы;
2. Генеральная ассамблея (eng) – The Right to a Nationality: Preventing the Phenomenon of Statelessness;
3. Совет Безопасности (eng) – Taiwan and the One-China Policy;
4. Всемирная организация здравоохранения (rus) - Разработка Протоколов Обеспечения Готовности к Эпидемиям и Пандемиям.

Біріккен Ұлттар Ұйымына, оның ішінде БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек мырзаға, Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулының міндетін атқарушы Чжун Хуа ханымға, Америка Құрама Штаттарының Бас консулдығының қоғамдық дипломатия қызметкері Карисса Ландес ханымға және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік операциялар орталығының бастығы, полковник Бауыржан Нигметуллин мырзаға осы конференцияны қолдағаны үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Ablaikhan University басшылығына және ректордың м.а. Д.А. Қунанбаеваға, ұйымдастырушыларға, делегаттарға, комитеттердің төрағалары мен тең төрағаларына алғысымызды білдіреміз.

Tags: МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать