10
ШЕТ ТІЛІ
7000
СТУДЕНТ
90 000
ТҮЛЕК

Жаңалықтар

Хабарландырулар

  • «БИЗНЕС-ЖОСПАРЛАУ» ПӘНІ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК СТУДЕНТТІК ЖАРЫС

    2025 жылдың 27 қарашасында, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 041 – «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша Қазақстанның ЖОО студенттері арасында «Бизнес-жоспарлау» пәнінен Өңірлік студенттік конкурс өткізеді.

    13 команда қатысады, соның ішінде:

    • Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті
    • «Астана» халықаралық университеті
    • Шәкәрім университеті, Семей қ.
    • және Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарының өкілдері

    Конкурстың мақсаты:

    Қазақстан Республикасы студент жастарының ғылыми-зерттеу және инновациялық әлеуетін дамыту.
    Бұл конкурс кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруға, бизнес-бастамаларды қолдауға және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ете алатын идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге бағытталған.

    Қазылар алқасының құрамы (бизнес құрылымдардан):

    - Astana Hub — Халықаралық IT-стартаптар технопаркі

    - Almaty Hub — Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы жанындағы Аймақтық цифрлық технологиялар орталығы

    - MOST Business Incubator — стартаптар мен жастар кәсіпкерлігін қолдайтын жеке ұйым

    - BRICS Alliance — инвесторлар альянсының өкілі: Муктарқанов Тимур Гайллолаевич

    - MEAS Group ЖШС — директор, бизнес-тренер, акселератор, фасилитатор: Евгения Шефер

    Ұйымдастыру комитеті:

    - ҒЗЖ, СҒЗЖ жетекшісі, халықаралық құқық және бизнес факультеті, э.ғ.к., PhD, профессор — Акпарова А.А.

    - «Халықаралық бизнес трендтері» жобасының жетекшісі, э.ғ.к., PhD, профессор — Сариева Ж.И.

    - «StartUp» зертханасының жетекшісі, э.ғ.к., PhD, қауымдастырылған профессор — Абинова А.Ю.

    - «Бизнес-жоспарлау» пәнінің оқытушысы, сарапшы, тренер, э.ғ.м., аға оқытушы — Отынбай Е.Б.

    Өткізу тілдері: қазақ тілі, орыс тілі
    Формат: офлайн және онлайн

    Нояб 24, 2025

  • Абылай хан атындағы КазХҚжӘТ корейтану пәнінің 7-ші апталығы
    21-22 қарашада Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар университеті және әлем тілдері корейтану орталығында корейтанудан 15-ші Орталық-Азия олимпиадасы, ТМД елдерінің жас корейтану зерттеушілерінің 10-шы конференциясы және қонақ дәрістер топтамасы өтеді.

    Нояб 19, 2025

  • Қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

    «Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» АҚ түлектері мен студенттерін бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне шақырамыз!

    «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Алматы қаласының Прокуратурасы мен Алматы қалалық Еңбек мобильділігі орталығы бірлесіп Қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді.

    Нояб 13, 2025

  • Университет студенттеріне арналған академиялық ұтқырлық байқауы

    Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін серіктес университеттерге 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне құжаттар қабылдау ашылды.

    Нояб 11, 2025

  • Білім беру грантын өтеу бойынша кездесу

    «Қаржы орталығы» АҚ 2026 жылғы түлектерді мемлекеттік білім беру тапсырысы гранттарын өтеу мәселелеріне арналған ақпараттық кездесуге шақырады.

    Кездесу барысында өтеу тәртібі мен негізгі талаптар түсіндіріліп, грант шарттарын орындау үшін түлектерге қажетті іс-қимылдар туралы ақпарат беріледі.

    Нояб 10, 2025

Конференциялар

ҚазХҚжӘТУ университетінің 3D туры

универсиада замена