2025 жылдың 30 сәуір күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінің студенттері Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараға белсене қатысты.
Іс-шара барысында түрлі ұлттардың мәдениеті таныстырылып, ұлттық киімдер, билер мен әндер көрсетілді. Сондай-ақ, әр елдің дәстүрлі тағамдарынан дәм ұсынылды. Бағдарлама қызықты концерттік қойылымдар мен достықты дәріптейтін флешмобпен жалғасты.
Мереке бірлік пен татулықтың, мәдени алуан түрліліктің жарқын көрінісіне айналды.