Абылайхан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-нің 4 курс студенттері Асылбеков Бексұлтан (4 курс ХҚ), Қуанышбеков Әлібек (4 курс ХҚ), Қылышбекова Азиза (3 курс ХҚ), Имашева Аружан (3 курс ХҚ), Тілебалғанов Диас (2 курс Құқ) Халықаралық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, доцент Меерманова Жұлдыз Базарбековнаның жетекшілігімен 2025 жылдың 3 мамырында Тұран университетінде «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.
Айта кетейік, 95 студенттің ішінен «6В04201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Тілебалғанов Диас кәсіби білімінің жоғары деңгейін көрсетіп, мәртебелі үшінші орын мен ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Қалған қатысушылар белсенді қатысқандары үшін сертификат және алғыс хаттармен марапатталды.
Біз студенттеріміздің жетістіктеріне мақтанамыз және оларға жаңа табыстар мен жеңістер тілейміз!