2025 жылдың 30 сәуірі мен 6 мамыры күндері 142 («Құқықтану» мамандығы) және 116, 117, 118 («Шығыстану» мамандығы) студенттік топтарында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған есте сақтау сабақтары өтті. Іс-шараны теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының аға оқытушысы Тойшыбаева Г.К. жетекшілігімен студенттердің өздері дайындап, өткізді. Іс-шараға барлығы 33 оқушы қатысты.
Оқушылар Ұлы Отан соғысының тарихын терең меңгеріп қана қоймай, фашистік басқыншыларға қарсы шайқаста өз Отанының тәуелсіздігін қорғап, қайсарлық, қаһармандық, отансүйгіштік танытқан тұтас ұрпаққа зор құрмет көрсетті.
Құқық мамандыңының студенттері Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі, қазақстандық батырлар, Жеңіс рәміздері, рух қаруы ретіндегі музыка туралы пікірталасқа қатысып, өлең оқыды. Студент Данияр Тасекенов домбырамен сүйемелдеп, Ұлы Отан соғысының әйгілі әндерінің бірі «Катюшаны» орындады.
Шығыстану мамандығының студенттері «Майдан хаттары» тақырыбын қозғады: олар майданнан келген шынайы хаттарды оқыды, «Майдан хаты» театрландырылған қойылымын көрсетті, соғыс туралы жүрекжарды өлең жолдарын оқыды, викториналық сұрақтарға жауап берді. Хор «Смуглянка» мен «Катюша» әндерін орындады.
Қазіргі жас жігіттер мен қыздардың соғысқа, Жеңіс күніне деген көзқарасын бағалай отырып, аталарымыздың ерлігі ұмытылмаған деп айта аламыз!