«Oriental fest 2024» - фестивалі «Шығыстану» факультетіне болашақ талапкерлерді тартуға бағытталған мәдени іс-шара болып табылады. Фестиваль жыл сайын Шығыстану факультеті, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанындағы Корей Орталығы мен Конфуций институтының қолдауымен өткізіледі. Биыл Қазақстанның Батыс аймағындағы су тасқынына байланысты іс-шара тек факультет деңгейінде өткізілді. Іс-шараның мақсаты Шығыс елдерінің ұлттық өнерін байыту, түрлі этностардың қызығушылықтарын қалыптастыру болды.