28 қараша күні Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің Шет тілі педагогикалық факультетінің 1 және 2 курс студенттерінің қатысуымен “Competence-Based FLT: Great Teachers Inspire” тақырыбында жарыс өтті.
28 қараша күні Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің Шет тілі педагогикалық факультетінің 1 және 2 курс студенттерінің қатысуымен “Competence-Based FLT: Great Teachers Inspire” тақырыбында жарыс өтті.
2023 жылдың қараша айының басынан 28 қарашаға дейін Киото Сангё университетімен апта сайын 8 онлайн алмасу сабағы өткізілді. Бұл сабақтарға Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нен «Шетел филологиясы» (жапон тілі) білім беру бағдарламасы бойынша шығыс филологиясы кафедрасының 2-ші, 4-ші курс студенттерімен «Шығыстану» (жапон тілі) білім беру бағдарламасы бойынша студенттері қатысты.
21-27 қараша аралығында біздің университет «21 ғасырдағы шетел тілі мұғалімі» плакаттар көрмесінің арқасында инновациялар мен шығармашылық атмосфераға енді. Шетел тілдері педагогикалық факультетінің 4 курс студенттеріне арналған «Шеттілдік білім беру әдістемесі» кафедрасының бастамасымен бұл іс-шара шабыт пен идеялармен алмасудың нағыз көзіне айналды.
24-25 қарашада Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 5-ші Корейтану апталығы аясында корейтану бойынша 13-ші Орталық Азия олимпиадасы және ТМД елдерінің жас корейтанушы- зерттеушілерінің 8-ші конференциясы өтті.
WorldSkills International – 1946 жылы құрылған халықаралық коммерциялық емес бірлестік, оның миссиясы бүкіл әлемде кәсіби дайындық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын көтеру, жұмысшы мамандықтарды танымал ету және беделін арттыру болып табылады. Негізгі мақсаты 22 жасқа дейінгі жастар арасында түрлі деңгейдегі кәсіби жарыстарды ұйымдастыру және өткізу. Бүгінде ұйымның қызметіне 80 мемлекет, оның ішінде Қазақстан да қатысады.
27 қарашада Абылай хан ҚазХҚжӘТУ-де Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы Пак Нэчхонның «Корея тарихы, қазіргі заманғы дамуы және Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастар» тақырыбындағы қонақ дәрісі өтті. Дәріс Абылай хан ҚазХҚжӘТУ-де 5-ші Корейтану апталығы аясында оқылды.
2023 жылғы 13-24 қараша аралығында Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінде, философия докторы Васин Прадицилп "Цифрландыру дәуіріндегі кәсіпкерлік" тақырыбында "Халықаралық бизнес"білім беру бағдарламасының студенттеріне дәрістер курсын өткізді. Доктор Васин Прадицилп - халықаралық коммуникация саласындағы сарапшы, Таиланд Корольдігі Валайлак университетінің Халықаралық колледжі BBA халықаралық бағдарламасының Президенті.
24 қараша күні 1-ші оқу ғимаратының көк залында ШТПФ факультеті белсенділерінің ұйымдастыруымен "KZ&US relations" атты іс-шара өтті. Іс-шара жоғары деңгей мен қызықтыатмосфера, сонымен қатар, өнерлі қатысушыларды қамтыды.
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің «Білім беруді кәсіби цифрландыру» кафедрасы 22 қараша 2023 ж. университетіміздің ректоры Құнанбаева Салима Сағиқызының 80 жылдық мерейтойына арнап Алматы қаласының жоғары оқу орындары студенттері арасында дәстүрлі (офлайн) форматта студенттік пәндік олимпиада өткізді.
Студенттерге арналған күзгі бал 2023 жылдың 22 қарашасында университеттің спорт залында өтті. Іс-шара жағымды ахуал туғызу, студенттер арасындағы достықты нығайту және ұжымдық рухты сақтау мақсатында ұйымдастырылды.
Кеш басында құттықтау сөз Халықаралық коммуникациялар және менеджмент факультетінің деканы М.Х.Жұбановаға және іс-шараны ұйымдастырушыларға берілді, соның ішінде күзгі балдың мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат айтылды.
22 қараша 2023 ж. Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің «Білім беруді кәсіби цифрландыру» кафедрасы ректор С.С. Құнанбаеваның 80 жылдығына орай Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Жасанды интеллектің (ЖИ) білім берудегі заманауи тенденциялары» тақырыбында студенттік пәндік олимпиада өткізді. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды:
1) Бірінші кезең – «Білім берудегі жасанды интеллекттің заманауи тенденциялары» тақырыбындағы жобаны қорғау.
2) екінші кезең – «Менің мамандығым» тақырыбында сайт құру.