2023 жылдың 5 желтоқсанында Түрікменстан астанасы Ашхабадта жоғары оқу орындарының студенттері арасында экология бойынша II ашық халықаралық интернет-олимпиада өтті.
2023 жылдың 5 желтоқсанында Түрікменстан астанасы Ашхабадта жоғары оқу орындарының студенттері арасында экология бойынша II ашық халықаралық интернет-олимпиада өтті.
Шығыс филологиясы кафедрасы араб тілі секциясының жетекшісі Салтанат Тайжанқызы Аманжолдың ұйымдастыруымен 2023 жылдың 5 желтоқсанында «Араб тілі – әлемдік тіл» атты мерекелік іс-шара өткізіліп, Шығыстану факультетінің деканы, с.ғ.к., проф. Э.М. Қағазбаева, кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., проф. Г.Ж.Бүркітбай, ф.ғ.к., қауым. проф. Ш.Б.Қожабекова, ф.ғ.к., проф. Д.Ә.Есенжан, магистр, аға оқытушы Ж.У.Мажикенова, магистр, аға оқытушы М.Б.Манашева, т.б. қатысты.
Ағымдағы жылдың 5-желтоқсаны күні Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қазақ филологиясы кафедрасы оқытушылары ф.ғ.к., қауымд. профессор Ш.А. Нұрмышева, ф.ғ.к., доцент Ж.Қ. Дәркенбаева, ф.ғ.к., доцент Ж.С. Көпбаева, п.ғ.м., аға оқытушы Ғ.Ж.Тұңғатова, п.ғ.м., аға оқытушы Хамимульдиновалардың ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай шығыстану факультеті орыс бөлімі 1 курс студенттерінің арасында «Бабаларым аңсаған тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті. Айтулы кеш кафедрамыздың меңгерушісі ф.ғ.к., профессор Б.Қ.Аққожина кіріспе сөзімен басталды.
2023 жылғы 14 қарашасынан 8 желтоқсан аралығында Орхус университетінің профессоры (Дания), PhD Энгберг Ян Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде «Аударма саласындағы оқыту және зерттеу әдістерін жетілдіру» тақырыбында 1 айлық курсын өткізді.
2023 жылғы 30 қарашада Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де «Қазақстан Республикасының тұрақты даму тұжырымдамасы және оны қазіргі жағдайда іске асыру» тақырыбында жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық студенттік конференция өтті.
Аталған Мәдени іс-шара 04.12.2023 ж. «Менеджмент және маркетинг»мамандығының 1 және 4 курс студенттеріне арналған Медеу биік таулы мұз айдынында өткізілді
30 қараша және 1 желтоқсан күндері Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде 5-ші Корейтану апталығы аясында Шығыстану факультетінің корей бөлімінің 1-4 курс студенттеріне арналған қонақ дәрістері өтті.
30 қараша күні Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де «Жаңа ғасыр» Қауымдастық Заңды тұлғалар бірлестігінің маманы Нуржан Жакуповтың баяндамасымен «Нашақорлықтың, алкоголизмнің және ойынға тәуелділіктің алдын алу» атты қонақ дәрісі өтті. Спикердің лекциясында тәуелділік мінез-құлқының түрлері мен себептері, тәуелділік кезеңдері, өзін-өзі талдау факторлары мен технологиялары туралы мәселелер қарастырылды.
30.11.2023ж. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУде, 1ОК, 104 ауд. «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының «Менеджмент және маркетингтегі жаһандық үрдістер» тақырыбындағы студенттік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы сәтті өтті.
Іс-шара жетекші сарапшыларды, зерттеушілерді, кәсіпкерлер мен студенттерді біріктіріп, идеялар мен тәжірибе алмасу үшін бірегей кеңістік құрады.
2023 жылғы 30 қарашада Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де Конфуций Институтының қолдауымен «Қытай тілінің үздік оқытушысы» әдістемелік онлайн-байқауы өткізілді. Байқауға Алматы қаласының жоғары оқу орындарының қытай тілі оқытушылары қатысты, оның мақсаты жоғары оқу орындары оқытушыларының әлеуетін ашу болып табылады.
30 қарашада шығыстану факультетінің шығыс филологиясы кафедрасының түрік бөлімі оқытушылары мен Ялчын Юрдакул мырзаның ұйымдастыруымен 24 қараша Түркия Республикасының Мұғалімдер күніне орай "Sevdamız Türkçe" тақырыбында интеллектуалды сайысы өтті. Аталған іс-шараға Шет тілдері педагогикалық колледжі, Халықаралық сервис және менеджмент колледжі, Халықаралық туризмнің менеджмент колледжінің студенттері мен оқытушылары қонақ болды. Сондай-ақ шығыстану факультетінің деканы Кагазбаева Э.М., шығыс филологиясы кафедрасының оқытушылары қатысты. «Шетел филологиясы (түрік тілі)» және «Шығыстану (түрік тілі)» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер интеллектуалды сайыста бақ сынады.