Жарыс волейбол, үстел теннисі және шахмат бойынша өткізілді.
Жарыс волейбол, үстел теннисі және шахмат бойынша өткізілді.
Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге белсене атсалысқаны үшін, студенттер арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға қосқан үлесі үшін Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінің Халықаралық өзара әрекеттестік кәсіби шетел тілі кафедрасының келесі оқытушылары Алматы қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Е. Меңдіғалиев атынан алғыс хаттармен марапатталды:
2023 жылдың 17-30 желтоқсанының аралығында «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында қытай тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің шығыстану кафедрасының оқытушылары – Бұғытаева Самал және Дәулетова Гаухар Бейжің тіл және мәдениет университетінде тағылымдамадан өтті. Бағдарламаның мақсаты – оқытушыларды қытай тілін оқыту әдістеріне үйрету. Дәрістер мен топтық жұмыстан тыс, қытай шәй ішу дәстүрі бойынша шеберлік класы, «Қызыл сарайдағы түс» тарихии романына талдау жүргізілді, Бейжің қаласында экскурсиялар ұйымдастырылды. Оның ішінде: Қытай қорғаны,әлемдегі ең үлкен алаң – Тяньаньмэнь, Тыйым салынған қала. Бұл бағдарлама аяғына келген кезде, біздің оқытушылар қорытынды жұмыстарын тапсырып, тағылымдамаларын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды.
Жаңа жыл алдында Абылай хан атындағы ХҚжӘТУ-дің қазақ филологиясы кафедрасы жақсы хабармен сүйіншіленді. Abai University Н.Келімбетов атындығы Түркітану Орталығында ҚР ҰҒА корр. мүшесі Байынқол Қалиұлы, ҚР ҰҒА академигі Шерубай Құрманбайұлы, ф.ғ.д,. профессор Жансейіт Түймабев, ф.ғ.д,. профессор Сәбира Исақованың бірлескен авторлығымен жазылған «Мұқағали тілінің сөздігі» монографиясы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағалауымен гумантитарлық саладағы үздік ғылыми зерттеу еңбегі ретінде Ш.Уалиханов сыйлығына ие болды. Аталған іргелі еңбек тауға қарап өскен тау баласы, асқақ тұлғалы ақиық Мұқағали ақынның сырға толы шығармаларында қолданылған сөздер құдіретін ғылыми айшықтайды.
«Білім берудің кәсіби цифрландыру» кафедрасы мен «Қашықтықтан білім беру орталығы» 29.12.23 күні «Инновациялар арқылы электрондық оқыту стратегияларын игеру және енгізу» атты мазмұнды академиялық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде Канаданың Ватерлоо университеті мен Ричмонд колледжінің спикері Баһа Алтай өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылар арасында жан-жақты пікірталастарға жол ашты.
Халықаралық коммуникациялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ашилова М. С. дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиямен марапатталды. Ол 200-ден астам ғылыми еңбектердің, соның ішінде Scopus, Web of Science базаларындағы жариялымдарының және де бірқатар монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Ғылыми саласы- білім философиясы, медиа философиясы және қолданбалы журналистика.
«6В02202- Түркітану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері «Түркі әлемінің цифрлық азаматтығы» атты халықаралық онлайн жобасына белсенді қатысуда. Жобаны іске асыру мерзімі: 2023-2024 оқу жылы. Бұл жобаның жалпы мақсаты – әртүрлі географиялық аймақтардағы түркітілдес мемлекеттерде тұратын студенттердің білімі мен танымдық дағдыларын жетілдіру.
13-23 желтоқсан аралығында Ablai Khan University студенттері Алматы қаласының жоғары оқу орындарының көптеген студенттерін қамтығар "Jas Gala" байқауына қатысты.
2023 жылы 21 желтоқстанда ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Шығыстану факультетінің 6В02202-Түркітану білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О. ұйымдастыруымен М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының «Еңлік-Кебек» қойылымына барды.
BGF компаниясы Оңтүстік Корея нарығында 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Оңтүстік Корея, Моңғолия мен Малайзияда 17400-ден астам бөлшек сауда нүктелері бар. Қазақстанда желі ашуды жоспарлап отыр.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушыларын шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия шешімінің қорытындысы бойынша «Болашақ» бағдарламасының жеңімпазы атанғандығы мен құттықтаймыз.