29 қаңтар 2024 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің "Халықаралық бизнес" кафедрасы қауымдастырылған профессор А. Абинова және аға оқытушы А. Мауленова жетекшілігімен "Халықаралық бизнес" білім беру бағдарламасының 4 курс қазақ және орыс бөлімінің білім алушылары үшін "Аудит" пәні шеңберінде "Делойт" ЖШС ірі халықаралық аудиторлық - консалтингтік компаниясымен телекөпір өткізді. "Делойт" ЖШС өкілі 15 жылдық тәжірибесі бар сарапшы-аудитор Анель Тулегенова ішкі аудиттің түрлері мен ерекшеліктерін түсіндірді. Студенттер жүйенің сәйкестігін бағалау, ұйымның тәуекелдерін анықтау және аудиторлық бағалаудан кейін фирмаларда бизнес процестерді жетілдіру туралы ақпаратпен танысты.