2024 жылдың ақпан айының басынан бастап Шет тілдер педагогикалық факультетінің 3 курс студенті Рамбердина Сабина волонтерлік негізде 60 жастан асқан адамдарға ағылшын тілі курстарын жүргізіп келеді. Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында Аян Ілиясқызы Джомартованың жетекшілігімен «Шуақты кемел жас мектебі»-інде (2017 жылдан бастап «Қуаныштағы кәрілік» қоры аясында жұмыс істейді) 50-ден астам адам қатысатын сабақтар процесі жүргізілуде.