10
ШЕТ ТІЛІ
7000
СТУДЕНТ
90 000
ТҮЛЕК

Жаңалықтар

Хабарландырулар

  • 2027 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КОНКУРСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2027 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсының өткізілетіні туралы хабарлайды.

    Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 13.10.2026–11.11.2026.

    Жобаларды іске асырудың басталуы – 2027 жыл, іске асыру мерзімі – 36 ай.

    Конкурстың мақсаты – жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу бастамаларын ынталандыру. Іргелі және қолданбалы зерттеулерге қолдау көрсетіледі.

    Бір жобаны қаржыландыру: әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер саласында бүкіл іске асыру кезеңіне 75 млн теңгеден аспайды, оның ішінде жыл сайын 25 млн теңгеден аспайды.

    Басым бағыт: Іргелі зерттеулер, ғылыми қор және ғылыми әлеует.

    Өтінім беру сәтінде жетекшінің және зерттеу тобының барлық мүшелерінің жасы 44 жастан аспауы тиіс (44 жас қоса алғанда).

    Қатысудың толық шарттарымен, талаптарымен және қажетті құжаттар тізбесімен конкурстық құжаттамадан танысуға болады.

    https://www.gov.kz/org/science/press/news/details/1310429?lang=ru

    Қосымша ақпарат алу үшін:

    Жакьянова Айгерим Мухамедрахимовна — +7 707 720 11 85, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., № 1 оқу ғимараты, 112-кабинет.

    Нұран Перизат Дулатханқызы — +7 776 200 14 25, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., бас оқу ғимараты, 418-кабинет.

    Окт 15, 2026

  • 2027 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН «ЖАС ҒАЛЫМ» КОНКУРСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

     Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    2027 жылға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты жариялады. 

    Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 12.10.2026–11.11.2026.

    Жобаларды іске асырудың басталуы — 2027 жылғы қаңтар, іскеасыру мерзімі — 36 ай.

    Конкурстың мақсаты — жоғары білікті және бәсекеге қабілеттізерттеушілерді қалыптастыру, талантты жастарды ғылымға тарту мен орнықтыру, жас ғалымдардың үлесін арттыру.

    Бір жобаны қаржыландыру көлемі бүкіл іске асыру кезеңіне 30 млн теңгеден аспайды, оның ішінде жыл сайын 10 млн теңгеденаспайды. Іргелі және қолданбалы зерттеулерге қолдау көрсетіледі.

    Грант ғылыми консультанттың қатысуымен постдокторанттыңжеке зерттеуін жүргізуге қарастырылады. Зерттеу тобының басқамүшелері мен көмекші персонал қарастырылмаған. Жеке тұлғапостдокторант ретінде тек бір өтінімге қатысуға құқылы.

    Басым бағыт:

    1. Іргелі зерттеулер, ғылыми қор және ғылыми әлеует.

    Постдокторантқа қойылатын негізгі талаптар:

    • Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы, өтінім берген сәттежасы 44 жастан аспауы тиіс (44 жас қоса алғанда);
    • философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі немесеғылым докторы/кандидаты ғылыми дәрежесі болуы не докторантура бағдарламасының толық курсын бітірген тұлға болуы тиіс. Докторантураның толық курсын бітіріп, диссертациясын қорғамағантұлға жобаны іске асыруға шарт жасалған күннен бастап 12 ай ішіндедиссертациясын қорғауға міндетті;
    • зерттеу бағыты бойынша ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатыншетелдік және (немесе) отандық басылымдарда мақаласы және(немесе) шолуы болуы тиіс;
    • соңғы 18 ай ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатынғылыми жобалар мен бағдарламаларға ғылыми жетекші болмауы, сондай-ақ соңғы 6 ай ішінде олардың зерттеу топтарында толықставкамен және одан жоғары жүктемемен жұмыс істемеуі тиіс;
    • ғылыми жобаның бағытына және конкурстық құжаттама талаптарынасәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік ғылыми консультанты болуы тиіс;
    • жобаны іске асыру кезеңінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгібілім беру ұйымында Еуропалық кредиттерді аудару және жинақтаужүйесі (ECTS) бойынша оқу жылындағы жалпы оқу жүктемесі кемінде5 кредит болатын бір немесе бірнеше пәннен сабақ беруі тиіс.

    Қатысудың толық шарттарымен, талаптарымен және қажеттіқұжаттар тізбесімен конкурстық құжаттамадан танысуға болады.https://www.ncste.kz/ru/zhas-%D2%93alyim-2027-zhyil-36-aj

    Қосымша ақпарат алу үшін:

    Жакьянова Айгерим Мухамедрахимовна — +7 707 720 11 85, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., № 1 оқу ғимараты, 112-кабинет.

    Нұран Перизат Дулатханқызы — +7 776 200 14 25, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., бас оқу ғимараты, 418-кабинет.

    Жалпы ережелер

     

    Окт 13, 2026

  • ХАНГЫЛЬ КОРЕЙ ЖАЗУЫ КҮНІ

    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің корейтану Орталығы Корей Хангыль жазуы күніне арналған іс-шара өткізеді.

    Окт 08, 2026

  • ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ғылыми жобаларды университетішілік гранттық қаржыландыруға конкурс жариялайды.

    Окт 07, 2026

Конференциялар

ҚазХҚжӘТУ университетінің 3D туры

универсиада замена

🎧 Online қабылдау